ҚҚА Талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының 2020 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларына қатысты дәстүрлі сауалнамасының нәтижелерін ұсынды
Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі зерделенді. Осы жарияланымда келесі негізгі индикаторлар бойынша болжамдарға қатысты сұрақтарға респонденттердің жауаптары берілген:
Ұлттық валюта алдағы айда қысым астында қалады. Желтоқсан айының басында USDKZT бағамы бір доллар үшін 435,3 теңге деңгейінде болады деп күтілуде.
Сарапшылардың болжамынша, бір айдан кейін Brent мұнай баррелінің құны $40-дан жоғары болады.
Респонденттердің 90%-дан астамы 2020 жылғы 14 желтоқсандағы ҚРҰБ отырысының қорытындысы бойынша базалық мөлшерлеменің жылдық 9,0% деңгейінде сақталуын күтуде.
Ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі күтудің нәтижесі жақсарып келеді. 12 айдан кейін ЖІӨ өсімі бір ай бұрын 1,7%-ға өсу күтуімен салыстырғанда 2,3% деңгейінде күтілуде.
Инфляциялық күтулер біршама нашарлады. 12 айдан кейін жылдық инфляция 7,3% (қазанда 7,2%) деңгейінде күтіледі.