Депутаттар азық-түлік картасын енгізуді ұсынды

Қазақстандық депутаттар азық-түлік карта жүйесін енгізу туралы бастама көтерді. Хабарланғандай, ол жағдайы төмен отбасылар үшін енгізіледі.

Депутат Аманжан Жамалов келтірген статистикаға сәйкес, табысы отбасының әр мүшесіне 25 мың теңгеден төмен ($57,5) отбасылар жағдай төмен отбасыларға жатады.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің (төменгі палата) депутаты билеуші «Нұр Отан» партиясының фракциясынан Аманжан Жамалов елдегі экономикалық ахуал тұрақтанғанға дейін халықтың аз қамтылған санаты үшін тегін азық-түлік картасын енгізуді ұсынды.

«Әлемде азық-түлік ең қымбат тауарлар болып табылады. Олардың бағасы екі таңбалы санмен қымбаттап барады. Бағаның осылайша өсуіне индекстеу мен жалақыны көтеру тосқауыл бола алмайды», — деді ол сәрсенбі күні заң шығарушы органның отырысында республика премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында.

Парламентарийдің айтуынша, бірінші кезекте табысы төмен отбасыларға қиын болады. Жамалов келтірген статистикаға сәйкес, табысы отбасының әр мүшесіне 25 мың теңгеден ($57,5) төмен отбасылар аз қамтылған отбасыларға жатады.

«Халықтың мұндай санаты үшін экономика тұрақтанғанға дейін уақытша қазақстандық азық-түлік өнімдерін сатып алуға болатын тегін азық-түлік карталарын енгізуді қарастыру қажет, оларды енгізуді цифрлық әлеуметтік әмиянды енгізумен байланыстыруға боладыт», — деп түсіндірді депутат.

Ол көптеген адамдар азық-түлік картасын сынға алып, «КСРО-ға қайта оралу» дейтінін атап өтті. «Бірақ азық-түлік картасы көптеген елдерде, оның ішінде АҚШ-та да әлеуметтік қолдаудың маңызды құралы. Ресейде де халықтың кедей топтарына арналған азық-түлік талондарын енгізу пысықталуда», — деді депутат.

Добавить комментарий