Украинада кең ауқымды соғыс қимылдарының басталғанына 10 айдан астам уақыт өтті. «Қазіргі таңда РФ әскері бірқатар жеңілістерге ұшырады, бұл соғыс барысын өзгертті. Соғыс алаңында қалыптасқан жағдай басымдық Украина әскерінің қолына өткенін және соғыс алағының барлық желісіндегі жағдайды олар бақылап отырғанын көрсетеді. Айта кетейік, Украина Қарулы Күштеріне 40-тан астам мемлекет әскери қолдау көрсетуде. Осылайша, украиналық әскерилерге көптеген заманауи қару-жарақ жеткізіліп жатыр», — деп мәлімдейді киевтік әскери сарапшылар.
Көптеген сарапшылар мен аналитиктер Ресей әскері соғыста жеңілгенін, ал Путинге келіссөздер үстеліне отыруы керек екенін мәлімдеуде. Алайда, Кремльдің көздегені басқа, сондықтан Путин бейбіт келіссөздер жүргізуді жоспарламауда және Украина аумағынан әскерлерін шығармай, соғыс қимылдарын одан әрі жалғастыруға ниетті.
«Аталмыш соғыста Кремль үшін негізгі шығын ресейлік әскерилер болмақ. Өйткені, ядролық қарудан қолданудан бөлек, Путиннің ұрыс алаңындағы жағдайды өз пайдасына өзгерту үшін басқа жолы жоқ. Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу осыған байланысты Ресей әскерін 1,5 млн-ға дейін көбейтуді, сондай-ақ әскерге шақыру жасын көтеруді және РФ-дағы келісімшар бойынша жүрген әскери қызметкерлердің санын көбейтуді ұсынған болуы мүмкін. Ресей билігі Кеңес Одағы кезіндегідей әскери борышын өтеу мерзімін екі жыл қылмақ. Федерация Кеңесі қорғаныс комитетінің басшысы Виктор Бондарев осындай ұсыныс жасады. Путин соғысты бір жылдан астам уақытқа жалғастыруға дайын және оны орасан зор шығындар алаңдатпауда», — деп бағалады батыстық сарапшылар.
«РФ Президенті соғысты жалғыз мақсатты көздеп жалғастыруда — өзінің жеңілістеріне көз жұма қарап, ресейліктерге нағыз жеңіс қылып көрсететін жетістікке қол жеткізбек. Мәселен, Бахмутты басып алу. Бахмут үшін кескілескен шайқас бірнеше айдан бері жалғасып келеді, бұл Украина әскерлері Попасная, Лисичанск және Северодонецк қалаларынан шегінгеннен кейін көктемнің аяғында-жаздың басында басталды. Аталған қаланы қоршауға алған ресейліктер жүздеген әскерилерінен айырылды. Мәселен, Киев тағайындаған Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай Ресей басқыншылары осы қала үшін шайқаста «мыңдаған сарбаздарын» айырылғанын айтып отыр», — деп жазады батыс елдерінің әскери сарапшылары.
Бұл жайлы саяси технологтар былай деп отыр: «Путин режимі үшін Бахмутты басып алу мүмкіндігі шектеулі құндылыққа ие болады. Бұл Кремль үшін Ресей әскерлері Херсоннан шығарылғаннан кейін символикалық және саяси жеңіс болады. Осылайша, Ресей билігі мен пропаганданың халыққа кезекті «ауқымды» жеңісті «көрсетуге мүмкіндік туады.
Путин ресейліктердің ерекшелігіне ешқашан күмән келтірмегенін және халықтың 100 пайызы «отанының мүддесі үшін бәрін салуға дайын екенін» мәлімдеді. Өз кезегінде Ресей Қорғаныс министрлігі ресейлік әскерилерге моральдық-психологиялық қолдау көрсету және олардың жігерін арттыру үшін актерлер мен музыканттармен екі «шығармашылық бригаданы» құрды.