АҚШ Тоқаевтың саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі реформаларын толық қолдайтынын мәлімдеді
АҚШ Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды және 5 маусымда өткен референдумды осы реформаларды іске асырудағы кезекті қадам ретінде бағалайды
АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханға жолдаған хатында АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы саяси жүйені жаңғырту жөніндегі реформаларды толық қодлайтынын атап өтті. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.
Узра Зеяның айтуынша, АҚШ Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудың, ашық және халық үніне құлақ асатын институттар құрудың, сондай-ақ дербес азаматтық қоғаммен бірлесіп адам құқықтарын қорғау саласын күшейтудің күрделі жолында әрдайым көмектесуге дайын. Мемлекеттік хатшының орынбасары АҚШ «бейбіт, тұрақты, өркендеген және демократиялық Қазақстанды құптайтынын» айтты. Ақ үй диалогты жалғастыруға табады үміт білдірді.
Сәуір айында Узра Зея Қазақстанға келіп, Ержан Қазыханмен Адам құқықтары және демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың бірлескен отырысына төрағалық еткен.