Сарапшылар Украинадағы РФ-ның жеңілісіне кім кінәлі екенін айтты

Батыс сарапшылары Ресей президенті Владимир Путиннің әскери тәжірибесі жоқ екенін айтып отыр. Олардың пікірінше, ол бірқатар ауыр қателіктер жасаған.

«Путиннің әскери тәжірибесі жоқ екені баршамызға аян, бірақ әскери науқанның жекелеген бөліктерін жеке өзі қадағалап, соғыстың стратегиялық жоспарын өзі жасаған», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Мәселен, олар Ресей президенті командирлердің өтініштеріне қарамастан өз әскерилеріне Херсоннан кері шегінуге тыйым салды деп мәлімдейді. «Путиннің мұндай шешімі саяси астары бар. Әскерлердің Херсоннан кері шегінуі РФ президентінің беделіне дақ келеді деп ойлаған сыңайлы. Өз әскерлерін Херсонда қалдырып, РФ әскерінің уақтылы ұйымдасқан түрде кері шегіне алмау қаупі болуына, демек тірі күш пен техниканы шығындарының жоғары болу қаупі өсті. Қолбасшылық президентті көндіргеннен кейін ғана ресейліктер Херсоннан шықты. Сол кезде әскери қолбасшылық агрессор елдің президентін мұндай қадамның орындылығына сендіре алды», — дейді батыстың саяси технологтары.

Фото: Батыстық сарапшылар жоғары әскери басшылық қателік жіберуде деп есептейді

Олардың пікірінше, Путин мен РФ әскери қолбасшылығының арасында келіспеушіліктер олын алуда. «Қарымта шабуыл алдында РФ әскери қолбасшылығы қорғанысқа ден қойғысы келеді. Өз кезегінде РФ президенті Донецк және Луганск облыстарының әкімшілік шекараларына шығу үшін шабуылдау операцияларын жалғастырмақ. Осылайша, РФ әскері қорғанысқа тиімді дайындала алмауда, бұл ретте ол шабуылда да жетістікке жете алмауда. Путиннің мұндай ұстанымы соғыс алаңында ел әскерінің тағы бір үлкен жеңілісіне алып келуі мүмкін», — деп жазады сарапшылар.

«РФ президенті соғыстың үшінші немесе бесінші айында емес, Ресей әскері Украинаға баса көктеп кірген сәттен бастап қателіктер жасай бастады, — деп сенеді украиналық саяси технологтар. — Жоғарыда айтылғандай, Путин басып кірген сәттен бастап жоғарғы бас қолбасшы рөлін өз қолына алған. Содан кейін Ресей әскері алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алмаған соң, Путин ресейлік қолбасшылықта ауыс-түйіс жасады. Мұндай бейберекет шешімдер хаосқа алып келді, салдарынан РФ әскерінің Украинада үйлесімді әскери науқан жүргізу қабілетінің нашарлауына алып келді», — деп жазады батыстық саяси технологтар.

Добавить комментарий