Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Хабарланғандай, олар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.