Украина аумағында соғыс қимылдарының басталғанына бес айдың жүзі өтті. «РФ пропагандисттері ел әскері қуатты екеніне сендіргені соншалықты, қарапайым ресейліктер әскери қақтығыс болған жағдайда олардың әскері тез әрі оңай жеңіске жететініне күмән келтірмеді. Дегенмен, шын мәнінде Ресей-Украина соғысы басқаша өрбіді», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.
«Соғыстың алтыншы айында Ресей Донецк мен Луганск облыстарының әкімшілік шекараларынан ары аса алмай қалды. — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар. — Украина Қарулы Күштері РФ әскеріне тойтарыс беріп, уысынан шыққан қалалар мен ауылдарды қайтару үшін контршабуылға дайындалуда. Ресей армиясы ауыз толтырып айтарлықтай шығынға ұшырауда. Украина халқы соғысты тоқтатудың жалғыз жағымды сценарийі — Қырым мен Донбасс, сондай-ақ басқа да аумақтарды қайтару деп есептейді», — деп хабарлайды украиналық саясаттанушылар.
Соңғы кездері Ресейдің батыс мемлекеттері үшін оқшауланған елге айналғаны туралы бірнеше мәрте айтылған.
«Осы соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінген ресейлік пропагандистерге Ресей халқына ұрыс қимылдары жалғыз оңтайлы шешім болды деп сендіруге тура келіп отыр. Сондай-ақ, пропагандистер Украина мен украиналықтарға қатысты жеккөрушілік сезімін ояту үшін әртүрлі мәлімдемелер айтылуда. Бұл тек ересектерге ғана емес, балаларға да айтылуда», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Батыс саясаттанушылары Ресей билігі мектептер мен колледждер деңгейінде үгіт-насихат жұмыстарын
белсенді жүргізіп жатқанын айтты
Олардың пікірінше, Ресейде жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде енгізілетін — «Маңызды әңгімелер» атты тақырыптық сынып сағаты «Ресей армиясының Украина аумағындағы іс-қимылдарын Кремльді жақсы қырынан көрсету үшін» енгізілді.
Соғыс қимылдары басталғалы бері Ресей мектептерінде балаларға украиналық және неміс ұлтшылдары мен нацистері туралы айтыла бастады.
Сондай-ақ, Ресейде мектеп бағдарламасына тарих пәніне Украина аумағындағы соғысты зерттеуді енгізу жоспарлануда.
«8 жыл бойы Ресей Қырымда ресейлік білім беру жүйесін енгізді. Балалар ресейлік оқулықтар бойынша білім нәрін алуда. Педагогтар РФ стандарттары бойынша біліктіліктен қайта өтті», — дейді украиналық саясаттанушылар.
РФ-да балалар мен жастардың қоғамдық-мемлекеттік қозғалысы құрылды, ол жаңа ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырумен және тәрбиелеумен айналысады. Бұл, шын мәнінде, пионерлік ұйымның баламасы. Сондай-ақ, Ресейде балалар үшін әскери даярлық ауқымы кеңейтілуде, тек Белгород облысында 500 кадет және 1000-ға жуық жас әскери сыныптары ашылды.
«Өскелең ұрпақты қандай көзқараспен тәрбиеленетіні айдан анық. Оларды «Ресей дұшпандардың қоршауында» және «Ресей бейбітшілік үшін соғысып жатыр» деген тезистермен улайтын болады, — деп түсіндіреді украиналық саясаттанушылар.