«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» аталымында Гиннестің жаңа рекордын орнатып, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте екенін растайтын сертификат алды.
Марапаттау рәсімі «Талғар асуы» станциясында өтті және сертификатты Guinness World Records кеңсесіндегі судья Шейда Субаши-Гемиджи ресми түрде табыс етті.
Рекорд тау шаңғы курортында орнатылды.
Анықтама үшін! Тау шаңғы курорты КСРО кезінде салынып, өз жұмысын 1954 жылы тау шаңғы спорт базасы ретінде бастады, ал «Шымбұлақта» тау шаңғысы спорты бойынша бүкілодақтық жарыстар 1950 жылдан бастап өткізіле бастады.