Президент Владимир Путин ресейлік «әскери тілшілермен» кездесу өткізді. Бұл баспасөз беттерінде кеңінен жарияланды.
Президенттен «бұл жолы» Украинаға қарсы соғыста Ресей соңына дейін баруға дайын ба деп сұрақ қойылды. РФ Президентінің жауабы: «Бізде қалыптасатын әр түрлі жағдайға байланысты түрлі сипаттағы жоспарлар бар».
Украиналық саяситехнологтар ресейлік саясаттанушының сөзіне қатысты пікір білдірді: «Путиннің жауабы кезекті рет белгілі бір шектен кесіп өтпеуге болмайтын көрсетеді, себебі егер Украина оны кесіп өтетін болса, онда «нағыз соғыс» болады-мыс. Путиннің пікірінше, бұл қоқан-лоқы Киевті қорқытып, Ресей қоғамына РФ әскері кез келген уақытта қалағаны істей алады деген сенім ұялатуы тиіс».
Саяси холдингтер Ресей үкіметі бірнеше мәрте Украина мен Батыс елдері «қызыл сызықтан» аттап өтетін болса, оларға қатысты шара қабылдайтынын айтқанын атап өтті. Мысал ретінде саясаттанушылар төмендегіні келтіреді: «Украина Қарулы күштері Ресей оккупациялаған Қырымға шабуыл жасамақ болған. Нәтижесінде УҚК түбекке шабуыл жасады. Оның үстіне Украина тарапы Қырымдағы әскери нысандарға соққы жасағанын ресми түрде мойындады. Бірақ оған жауап ретінде ешқандай соққы жасалған жоқ. Сондай-ақ, Украинаның батыс одақтастары Киевке әскери көмекті тоқтатпаса, Кремльде қақтығыс шиеленісетінін мәлімдеді. Мәскеу мұндай жағдайда «қатаң жауап» беруге уәде берді. Осындай мәлімдемелерден кейін Батыс Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатқан жоқ, керісінше одақтастары жеткізілімді одан әрі арттырды. Ұлыбритания тіпті Украинаға «Storm Shadow» алысқа ұшатын қанатты зымырандарын жеткізді. Дегенмен Ресей мәлімдеген «қатаң қарымта жауап» жасалмады. Ресей үкіметі көрсеткен қоқан-лоқының астарында ядролық қаруды қолдану жатыр.
Олардың пайымдауынша, Ресей үкіметі «Украина мен оның одақтастарын қорқыту үшін «соңғы шеп» иллюзиясын құруды тырысып жатыр» және жоғарыда атап өтілгендей, ресейліктерді ешнәрсеге алаңдауға шақыруда».
Украиналық саясаттанушылар ресейліктерге жағдайға мұқият қадағалап, шын мәнінде жағдайдың қалай өрбіп жатқанын қарап, «қызыл сызық» барына және олардың үкіметі барлығын бақылауда ұстап отырмыз деген мәлімдесіне сенбеуге шақырады.
«Украинамен шекаралас Ресей аумақтары артиллериялық атқылауға тап болуда. Сондай-ақ, соғыс аймағына жақын орналасқан өңірлер де күн сайын ұшқышсыз ұшақтар шабуылына ұшырап жатыр. Ал РФ үкіметінің осындай шабуылдарға реакциясы қандай ? Жауап ретінде ешқандай да чоққы жасалған жоқ. Тек жергілікті шенеуніктер ғана аталған шабуылдарға түсініктеме беріп, облыс аумағында әртүрлі шектеу енгізіп, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды Ресейдің басқа өңірлеріне көшіріп жатыр. Ресейлік пропаганда осындай оқиғаларды жарияламауға тырысады. Ең қорқыныштысы, ресейліктер неліктен бұлай болып жатыр деп бас қатырмайды. Путин режимі мен пропаганда РФ-ның соғыс аймағындағы өңірлеріне жасалып жатқан шабуыл қалыпты жағдай ретінде көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», — деп жазады сарапшылар.
Олардың пікірінше, Ресей әскері Украинадағы мақсаттарына қол жеткізе алмады, оның үстіне соғыс қимылдары Ресей аумағына өтіп баралы.