«Ресейдің басып кіруі сәтсіздікке ұшырады»: сарапшылардың пікірі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-51712-1680812467-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать
Батыстың саясаттанушылары Ресейдің Украинаға баса көктеп кіргеніне бір жылдан астам уақыт өткенін, осы уақыт аралығында өздері алға қойған мақсаттарына қол жеткізбегенін мәлімдеді.
Сарапшылар Украина аумағындағы әскери іс-қимылдардың салдары Ресей армиясы үшін өте ауыр болды деп атады.

«Біріншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, 22 мыңға жуық Украина азаматы РФ агрессиясының құрбаны болды. Бұл ретте 8000-нан астам адам қаза тапты, қалғандары әртүрлі жарақат алған. Өз кезегінде украиналық тарап қаза болғандар саны бұдан да көп екенін мәлімдеді. Мәселен, 2023 жылдың ақпан айының соңындағы жағдай бойынша Украинаның Бас прокурорының кеңсесі басып кіру басталғаннан бері Украинаның кемінде 9655 бейбіт тұрғыны қаза тапқанын растады. Айта кету керек, БҰҰ өзінің бағалауына сілтеме жасай отырып, ресейлік басқыншылардың агрессивті әрекеттерінен құрбан болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтып отыр, себебі уақытша басып алынған аумақтарда қанша бейбіт тұрғын қайтыс болғанын және жарақат алғанын ешкім де нақты білмейді.

Екіншіден, РФ бастаған Украинадағы соғыс босқындардың ең үлкен дағдарысын және XXI ғасырдағы әлемдегі ең ірі көші-қон дағдарысын тудырды. Бұл ретте қазіргі таңда Еуропа елдерінде әлі де соғыстан бас сауғалап қашқан 8 млн. украиналықтар жүр.

Батыс сарапшылары Ресей басып кіру сәтсіздікке ұшырады деп есептейді

Үшіншіден, соғыс басталғалы бір жыл ішінде Украина аумағының едәуір бөлігінде миналар мен снарядтар қойылды. Осылайша, түрлі бағалаулар бойынша бұл Украина аумағының 40% жері, осыған байланысты Украина әлемдегі ең көп мина қойылған ел болып отыр.

Төртіншіден, Ресей Украинаға келтірген залалдың жалпы сомасы 137,8 млрд. долларды құрайды. Бұл ретте соғыс қимылдары жалғасуда және әлі де қарқын алып жатыр.

Бесіншіден, басқыншылар Украина аумағы бойынша шамамен 5000 зымыран және 3500-ден астам әуе шабуылдарын жасады. Осылайша азаматтық инфрақұрылымды (ауруханалар, мектептер, тұрғын үйлер), сондай-ақ маңызды энергетикалық инфрақұрылымды зақымдап, Украинаның ондаған миллион тұрғындарын газсыз, сусыз, жылусыз қалдырды», — деп жазады батыстық талдаушылар қалыптасқан жағдайға түсінік бере отырып.

Бұл ретте олар бұл украиндықтар тап болған көптеген проблемалардың бірі екенін айтып отыр. Сонымен қатар, батыс сарапшыларының пікірінше, басып кіру салдарынан Еуропа, Африка және Азия елдері де зардап шекті.

«Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруі салдарынан туындаған барлық жағымсыз салдарларға қарамастан, бүкіл өркениетті әлем елдерінде неліктен Ресейге санкция салып, елді оқшаулау керек екендігі, сондай-ақ не үшін Украинаға әскери және экономикалық қолдау көрсету керек деген сұрақ туындамауда. Айта кетерлігі, көптеген мемлекеттер РФ-мен жылы қарым-қатынасты үзбей, өзара тиімді сенімді байланыс орнатуға дайын, бірақ ол үшін Путин соғысты тоқтатып, өз әскерлерін Украина аумағынан шығаруы керек. Әлде Путин президенттік лауазымынан кетуі керек, себебі Ресейдің мемлекет ретінде Иран және КХДР сияқты елдермен ғана емес, өркениетті әлеммен конструктивті диалогты бастау үшін нақты мүмкіндігі болуы керек», — деп жазады украиналық саяси технологтар.

Добавить комментарий