Сарапшы: Атырау облысында ауаның ластануы туберкулез мен қатерлі ісіктің таралуына алып келуде

Маманның айтуынша, ұзақ жылдар бойы ауанвң ластануы Атырау облысындағы өткір проблемалардың бірі болып табылады. Бұл аймақта ауа сапасының нашарлауына байланысты туберкулез бен қатерлі ісікке шалдыққандар саны артып келеді. Хайруллин атап өткендей, Атырау облысы Қазақстанның мұнай астанасы болғандықтан, бұл өңірде қоршаған ортаға зиян келтіріп отырған 130-дан астам зауыт жұмыс істейді.

«Бұл Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Болашақ» зауыты, «Ембімұнайгаз» компаниясы, Каспий құбыр консорциумы, Атырау мұнай құбыры басқармасы және басқалары бар. Бұдан басқа, оңтүстік-шығыста «Тухлая балка», ал солтүстік-батыста — «Квадрат» булану алаңдары орналасқан. Біз алғаш рет құрылғысын алып, оның иісін өлшеп, дәлелдегенбіз. Тексеру барысында соңғысының басында елді мекендерге белгіленген күкіртсутектің нормадан 200 есеге артқанын өз көзімізбен көрдік.

Жел бағытының өзгеруіне байланысты бұл нысандар қалаға жағымсыз әсер етеді», — деді ол.

Сарапшы атап өткендей, күкіртсутегі кең таралған ластағыш болып табылады. Бұл химиялық элемент ақуыздардың ыдырауы кезінде түзіледі және коллекторлар мен кәріздердегі газ қоспасында болады, сондай-ақ жертөлелерде жинақталуы мүмкін. Ол үйінділерде ауада кездеседі және мұнай құрамында да көп көлемде болады.

Сонымен қатар, Хайруллин маусымдық ластанулар жыл сайын, әсіресе жылдың жылы мезгілінде қайталанатынын атап өтті.

Добавить комментарий