Сапиев қазақстандық спортшылардың Олимпиада ойындарындағы өнеріне қатысты пікір білдірді

2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жанкүйерлерден Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан отандық спортшыларды сынға алмай, оларға барынша қолдау көрсетуді сұрады.

«Барлық жанкүйерлерден біздің құраманы қолдауларын сұраймын. Олимпиада әлі де жалғасуда, асығыс қорытынды жасаудың қажеті жоқ, қандай да бір спорт түрінен маман болу керек емес. Әлі де бақ сынайтын спортшыларымыз бар, оларға барынша қолдауларыңызды сұраймын», — деді Серік Сәпиев ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұрынғы боксшы жеңілістің ащы дәмін татқанын мәлімдеді.

«Мен Бейжің Олимпиадасына қатысып, ұтылдым. Мұнда да әр салмақта көшбасшы жігіттер қатысуда, өкінішке орай, олар қарсыластарына есе жіберіп алды. Біз әлі де күресіп, нәтижеге қолжеткіземіз», — деді ол.

Серік Сәпиев жарыс аяқталғаннан кейін оның қорытындысы бойынша бас бапкерлерме жұмыс жүргізіліп, тиісті шешім қабылданатынын айтты.

Қазақстандық спортшылар Мейрамбек Айнагулов, Демеу Жадыраев және Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

Добавить комментарий