Сапасы нашар жолдар: бірнеше шенеунік қызметінен босатылды

Қазақстан бірнеше шенеуніктер өз қызметтерінен айырылды. Оған жол сапасының нашарлығы себеп болды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың сапасын жақсарту және олардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын тәртіп ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы бақылауды босаңсытқаны үшін Автомобиль жолдары комитетінің басшысы мен әкімдердің бірнеше орынбасарлары қызметінен босатылды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр.

Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды»

Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр», — деп хабарлады Берік Уәли.

Сонымен қатар, Президенттің сынынан кейін Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында «еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды» деп жазған болатын.

Добавить комментарий