Украинада экс-министрдің мүлкі тұтқындалды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-45959-1673277332-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украина аумағында бұрынғы пррезидент Виктор Януковичтің тұсында жұмыс істеген министрдің мүлкі тұтқындалды.

Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, Дмитрий Табачниктің тұтқындалған активтерінің жалпы сомасы 2 млн доллардан асады. Ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді.

«Қауіпсіздік қызметі тергеушілерінің материалдары бойынша мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған бұрынғы білім және ғылым министрі Дмитрий Табачниктің мүлкі тұтқындалды», — деп хабарлады Украина Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ).

УҚҚ хабарлағандай, тұтқындалған активтердің жалпы сомасы 2 млн доллардан асады. «Бұл ең алдымен жылжымайтын мүлік, жер телімдері және шетел валютасындағы қаражат», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, активтер экс-министрдің туыстарына атына «жазылғанымен», УҚҚ оларды тұтқындауға соттан рұқсат алды.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қараша айында Табачникке Ресей құрамына Запорожье және Херсон облыстарының қосылуы туралы референдумдарды ұйымдастыруға қатысқаны үшін соғыс уақыты жағдайында мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған. УҚҚ ер адамның аталған өңірлердің басшыларына консультация беріп, дауыс беруге арналған учаскелерді қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар бергенін алға тартып отыр.

Бұған дейін «Біз Ресеймен біргеміз» қозғалысының төрағасы Владимир Рогов УҚҚ-ның Табачникке таққан айыптарын негізсіз деп атаған болатын. Оның пікірінше, бұл басқаша көзқараста болғаны үшін қудалау, өйткені, ол Украинаның Білім және ғылым министрлігін басқарған кезеңде орыс тілді сыныптар мен мектептерді ашу, сондай-ақ оқулықтарға Ұлы Отан соғысы терминін қайтару жұмыстары жүрді.

2010-2014 жылдары аралығында Украинаның Білім және ғылым министрі қызметін атқарды. 2021 жылы Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі бұрынғы президент Виктор Януковичке және бірқатар украиналық жоғары лауазымды шенеуніктерге санкция салды. Аталған санкциялар олардың активтері мен мүлкін тұтқындауды, сондай-ақ барлық мемлекеттік наградалардан айыруды көздейді.

Добавить комментарий