Петербургте әскерге көктемгі шақыру аясында электронды әскерге шақырту таратудың жаңа жүйесі қолданыла бастады. Жергілікті «Фонтанка» басылымының хабарлауынша, Санкт-Петербургтің бас әскери комиссары Сергей Качковский тестілік әскерге шақыру қағаздары ресейліктердің Мемлекеттік қызмет көрсету порталындағы жеке кабинетіне келетінін растады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта әскерге шақырылушыларға арналған смс-хабарламаларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, биыл сәуір айынан бастап Ресей президенті Владимир Путин электронды әскерге шақыртуларды әскерге шақыру қағаздарымен теңестіріп, әскери міндеттілер тізілімін құруды көздейтін заңға қол қойды. Заң сондай-ақ әскерден жалтарушылар үшін шекарадан өтіге тыйым салды.Бұған дейін Мәскеуде де көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде тестілік режимде электронды шақыртуларды жібере бастаған және тіркеу орнында тұрмайтын әскерге шақырылушыларды қалалық бейнебақылау жүйесінің көмегімен қадағалайтыны хабарланған болатын.