Молдова Республикасы Социалистер партиясының жетекшісі Игорь Додон Майя Санду Ресеймен барлық қарым-қатынасты үзуге тырысып жатыр деп мәлімдеді.
Ол Молдова азаматтарының басым бөілігі РФ-мен дос болып қалғысы келетінін және қазіргі ел билігі Ресейге қарсы жүргізіп жатқан саясаты олардың ұстанымдарына сәйкес келмейтінін атап өтті.
Саясаткер сондай-ақ республиканың Еуропалық одаққа қосылатынына күмәнмен қарап отыр.