«Самұрық-Қазына» Ресейден қаржыландыруды қарастырмайды

«Самұрық-Қазына» қоры компанияларды рубльмен қаржыландыру құны Ресейге қарсы санкциялар тәуекелдер өскеннен кейін өзгергенін мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы ресейлік банктерге қатысты санкцияларға байланысты компанияларды қаржыландыруды тартуға қатысты жоспарына түзету енгізді.

Бұл туралы Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор — «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі Назира Нұрбаева айтты.

«Иә, шынымен, бұрын рубльмен қаржыландыру қор компаниялары үшін өте өзекті болды, себебі Ресей Орталық банкі бекіткен қаржыландыру мөлшерлемесі тартымды болды», — деді ол брифингте.

Тұрақты валютада қарыздары бар компаниялар өздерінің валюталық тәуекелдерін төмендету үшін көбінесе рубльмен қайта қаржыландырылды. Бірақ қазір, басқарушы директордың айтуынша, «жағдай өзгерді».

«Рубльмен қаржыландыру құны өзгерді, ресейлік банктерге қатысты санкциялық тәуекелдер айтарлықтай өсті, сондықтан, қазіргі уақытта рубльмен қаржыландыру қарастырылмайды», — деп мәлімдеді ол.

Добавить комментарий