Шымкентте жосықсыз кәсіпкерлерге табысын жасыруға және салық төлеуден жалтаруға көмектескен бір топ адам қамауға алынды.
Шымкентте ҰҚТ мүшелері 615 млн теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берді
Шымкентте 600 млн. теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін сыйақы алған кезінде ҰҚТ ұсталды.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Шымкент аумағында алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адам шот-фактураларды жазып берумен айналысып жатқандығын анықтады. Осылайша, 40 млн. теңге көлемінде сыйақы алу кезінде, яғни жалпы соманың 6,5%-ы, 615 млн. теңге сомасына жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін 4 адам ұсталды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласының Абай аудандық соты айыпталушыларды ҚР ҚК 236-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды. Оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.