Ресейдің Украина аумағына әскерін кіргізуінің себептерінің бірі орыс тілді азаматтарға, әсіресе Луганск және Донецк аумақтарындағы азаматтарға қысым жасалғаны аталды.
Соның нәтижесінде, Украина аумағында 10 айдан бері қарулы қақтығыс жалғасып келеді. «Путиннің қабылдаған шешімі ең алдымен ресейлік әскерилер үшін ауыр салдарға алып келді. Украина тарапының бағалауы бойынша, РФ әскері соғыста 100 000 адамнан айырылды. Бірақ қазірдің өзінде Путин Ресей армиясын тәуелсіз мемлекеттің аумағынан шығаруды жоспарлап отырған жоқ», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Олар сондай-ақ басқа да елдердің аумағында орыс тілді азаматтардың құқығы тапталып жатқанын айтуда.
Ресейдің «нысанасына» Молдова ілікті. Мәселен, Молдова парламенті сайлау бюллетеньдеріндегі мәтіндер тек румын тілінде болады деп белгіленген жаңа Сайлау кодексін мақұлдады. Орыс тілінде тек ақпараттық сайлау материалдары ғана басылатын болады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова сайлау бюллетеньдерін орыс тілінде басып шығарудан бас тарту Молдованың орыс тілді азаматтарының құқығына нұқсан келтіріп, Ресеймен екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіретінін атап өтті.
Қырғызстан парламенті Бішкектің КСРО замаынан қалған бірнеше аудандарының атауын өзгертуді ұсынған соң сынға қалды. Мемлекеттік Думаның депутаты Светлана Журова мұндай шешім «орыстардың» құқығына нұқсан келтіруі мүмкін деп мәлімдеді.
Кремль посткеңестік елдердің ішкі саясатына араласуға дағдыланған. Сондықтан орыс тілін қолдануды азайтып, орыстілді арналарға хабар таратуды тоқтатқан мемлекеттер мұндай олардың назарына ілігеді.
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей мен Батыс арасында «темір шымылдық» түрілді деп айтты. Жақында ғана Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынас конфронтация деңгейіне жеткенін және бұдан әрі қарай осы жағдайда жалғасады деп мәлімдеді.
«Ресей президентінің кінәлі етпей, ресейліктерді елдегі проблемаларға батыс мемлекеттері мен «орыс тілді азаматтардың құқығын таптап жатқан» елдердің кінәлі етіп сендіру үшін қажет Ресейге «дұшпан қажет» , — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.