Ресей армиясы Украина аумағына кіргеннен кейін, ресейліктердің бұған қатысты пікірлері үшке жарылды.
Соғысты қолдайтындар, соғысқа қарсылар және бейтарап позициядағылар бұл соғыста ештеңе анық емес деп мәлімдеп отыр. Айта кету керек, мұндай көрініс тек РФ-да ғана байқалып отырған жоқ.
Мәселен, еуропалық саясаткерлердің бірі, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Украина аумағындағы соғыс басталғалы бері ресейшіл позицияны ұстанып келеді. Орбан НАТО мен АҚШ-ты жария түрде сынға алып, Ресей президенті Владимир Путинмен және т.б. кездесті.
Кейбіреулер Ресей мен Украина арасындағы соғыста бәрі анық емес деп мәлімдеуде, алайда олар нақты фактілерге қарау керек.
Украиналық саясаттанушылар ел аумағында соғыс қылмыстары жасалып, бейбіт тұрғындар қырылып жатқанын мәлімдеуде. Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде соғыс салдарынан 1100-нан астам баланың түрлі дәрежеде жарақат алғанын келтіруде. Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың нақты санын дәл анықтау мүмкін емес. Мәселен, РФ бақылауындағы Мариупольде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны өте көп екенін айтылуда.
Күн сайын украиналық БАҚ-та шабуылдан зардап шеккен бейбіт украин азаматтары туралы жаңалықтар жарияланып отырады.
Украиналық құқық қорғаушылар Ресей балаларды Донбасстан Ресей аумағына мәжбүрлі және мақсатты түрде әкетіп жатқанын айтып отыр. Балаларға Украинаның «нағыз жаулары» Еуропа, АҚШ туралы айтылуда. Оларға «АӘО-ның» барысы «шын мәнінде» қандай екенін және т.б. айтады.
Украиналық саяси технологтар «Соңғы 12 айдың ішінде тек Киевке 300-ден астам түрлі қанатты зымыран, 14 баллистикалық зымыран, 400-ге жуық ҰҰА ұшырылды. Украинаның соғыс маңындағы қалалары артиллериялық шабуылға ұшырап жатыр, тіпті есептеу оңау емес. Бұл өте көп көрсеткіш».
Украина президентінің мәлімдеуінше, Украина аумағының үштен бір бөлігінде мина мен жарылмаған снарядтар жатыр. Қазіргі таңда Украина әлемдегі ең көп миналанған ел. Сарапшылардың айтуынша, Украина аумағын толық минадан тазарту үшін шамамен 750 жыл және ондаған миллиард доллар қажет. Батыс мемлекеттерінің өкілдері минадан тазарту үшін бөлінген соманы жариялады.
Соғыс кезінде Украинаның экологиясы да қатты зардап шегуде. Экология бойынша ең ауыр соққылардың бірі, атап айтқанда, Кахов ГЭС-ке шабуыл болды.
«Сондықтан бұл соғыста бәрі анық емес», — деп жазады украиналық саяси технологтар.