Сәтпаев қаласының орталығында, адамдардың көзінше ер адамды атып кетті. Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтайды.
Оқ атқан адамды іздестіреді.
Оқиға адамдар көп жүрген жерде орын алды. Қылмыстың куәгерлері — көшедегі адамдар.
Полицияның хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 24-99 «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті тұлға анықталды, қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген хабарламада.