Орталық Азия елдері кімнің жағында: сарапшылардың пікірі

Ақпан айының соңында РФ мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс басталды, осыдан әлемдегі ахуал айтарлықтай шиеленісе түсті. Бір жағынан батыс елдері Ресейдің экономикасын әлсірету үшін және Путиннің әскери машинасын тоқтату үшін санкцияларды бірінен соң бірін салып жатыр. Екінші жағынан, Ресей Федерациясымен жылы қарым-қатынас орнатқан мемлекеттер бар, бұл елдердің Ресеймен тығыз сауда-экономикалық байланыста, атап айтқанда, Орталық Азия мемлекеттері, бірінші кезекте Қазақстан мен Өзбекстан.

Вашингтондағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры және посткеңестік елдердегі полиция реформасы жөніндегі сарапшы «Орын алып жатқан оқиғаларға байланысты Қазақстан ресейлік агрессияны қарастырмайды еу біртүрлі оғаш дүние болар еді» деп мәлімдеді.

«Соғыстың алғашқы апталарында Орталық Азия елдерінің үкіметі әліптің артын бағып, бұл мәселеде бейтараптықты ұстанды және Ресейді сынға алмай, қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтады. Дегенмен қазір Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметі неғұрлым қатаң позицияны ұстанып отыр. Сондай-ақ олар батыстық әріптестеріне Ресей үкіметіне өз елдері арқылы санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік бермеу үшін көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Вашингтондағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры Қазақстан билігінің Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымына қатысты пікір білдірді

Ресей Украинаға баса-көктеп кіріп, қақтығыс басталғаннан кейін үш апта өткен соң Ташкент өз ұстанымын нық көрсеті: Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын мойындайды. Сондай-ақ, Өзбекстан Орталық банкі РФ азаматтары республикада үшінші тұлғалар арқылы халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын аша алмайды деп мәлімдегенін мысал ретінде келтірсек болады. Өз кезегінде қазақстандық жоғары лауазымды шенеунік Тимур Сүлейманов Нұр Сұлтан Ресейге қатысты АҚШ пен Еуроодақтың санкцияларын айналып өту құралына айналмайды және Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктесіне салынған шектеулерді сақтайтынын мәлімдеді.Сондай-ақ, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі посткеңестік кеңістікте орын алған оқиғаларға қарамастан, Еуропа мен АҚШ-пен достық пен ынтымақтастықты нығайту ел үшін бірінші кезектегі мәселе екенін анық айтты», — деп жазады батыс сарапшылар.

Добавить комментарий