Солтүстік Қазақстан облысында балық аулау кезінде шамамен 57 жастағы ер адам суға кеткен. Ол немересін жағаға қалдырып, қайықпен шығып, жағаға қайтып оралмады.
ТЖ Мамлют ауданы Новомихайловка ауылына жақын орналасқан Чистое көлінде болды.
Петропавл қаласының тұрғыны бесінші сыныпта оқитын немересімен бірге су айдынына барғаны белгілі. Жол парағын жазып, қауіпсіздік ережелерімен танысып, тіпті құтқару кеудешесін де көрсеткен.
Кешкі сағат жетіде ол жағадан қайықпен су айдынына шықты, бірақ қайтып оралмады. Құрлықта қалған бала ересектерді көмекке шақырған.
Қайық табылды, қайық аударылмаған, бірақ балық аулаумен айналысқан азаматтың өзі болмаған. Мәйіт табылып, шығарылғаннан кейін спирттік ішімдіктер ішу фактілерін анықтауға сот-медициналық сараптама тағайындалады, мүмкін жүрегіне бір нәрсе болған шығар, — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.