СҚО: Колония бастығы қызметінен босатылды

Солтүстік Қазақстанда түзеу мекемесінің аумағында болған тұтқынның өліміне байланысты төтенше қауіпсіздік колониясының бастығы қызметінен босатылды.

Сотталғандар арасындағы жанжал барысында бір ер адам екіншісінің басын балғамен ұрған. 46 жастағы зардап шегуші есінен жинамастан ауруханада көз жұмды

Облыс прокуратурасы аталған мекеменің қызметінде бірқатар елеулі бұзушылықтарды анықтады.

«Қадағалау органының ұсынысы қаралғаннан кейін бірқатар елеулі бұзушылықтар үшін СҚО Айыртау ауданындағы мекеменің басшылары мен қызметкерлері өз қызметтерінен босатылды. Талқылау ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алаңында өтті», — деп хабарлады прокуратура.

2022 жылғы қыркүйекте бір сотталған екінші сотталғанды қасақана өлтіру орын алғандығын, аталған оқиға қоғамда жаңғырық тудырғанын естеріңізге сала кетейік.

Облыс прокуроры орынбасарының айтуынша тек бір факті ғана мекемедегі тәртіп үшін жауап беретін лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сәтсіздікке қазірдің өзінде көрсетіп отыр. Бақылаудың толықтай жоқтығы тұлғаға режимдегі, қорғалатын объектіде аса ауыр қылмыс жасауға мүмкіндік берді.

Қадағалау органында алдағы уақытта ұқсас жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдау  және  ведомстволық бақылауды күшейту бойынша бірқатар сәйкес ұйымдастыру шараларын қабылдау талап етілді.

Ақырында, қорытындысы бойынша-мекеменің екі басшысы, оның ішінде мекеме бастығы атқарған лауазымдарынан босатылды, басқа бес қызметкер әртүрлі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан бір апта өткен соң Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығы Рустам Ахметжановты жұмыстан босатты, оның орнына 17 қарашада полиция генерал-майоры Берік Біләлов келді.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан № 51 төтенше қауіпсіздік мекемесінде өткен жылдың 9 қарашасында болған.

1994 және 1976 жылғы сотталғандар арасындағы қақтығыс барысында бірі екіншісінің басына балғамен соққы берді. 46 жастағы зардап шегуші Айыртау аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жинамастан қайтыс болды.

Полиция хабарлағандай, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелген.

Добавить комментарий