Түнде белгісіз біреулер 41 жастағы ер адамды өлтіріп кетті

2021 жылғы 20 тамызға қараған түні кісі өлтірілді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, белгісіз біреу Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтірген. Олар атыс қаруын қолданған.

«20 тамыз күні сағат 01:00 шамасында белгісіз біреулер қару қолдану арқылы 41 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіріп кетті», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиға орынында Қарағанды облыстық Полиция департаментімен Сәтбаев қалалық Полиция бөлімінің жедел-тергеу топтары жұмыс жасауда. Қылмыстық іс бойынша әртүрлі нұсқалар тексерілуде. Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашу, күдіктіні анықтау бойынша жан-жақты кешенді іс-шаралар жүргізілуде», — дейді полицейлер.

 

Добавить комментарий