Петропавл қалалық сотының баспасөз қызметі СҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Қабдрахман Сақтағановқа қатысты үкім шығарылғанын хабарлады. Оған заңсыз сыйақы — пара алды деген айып тағылды.
Сақтағанов ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Денсаулық ЖМК» медициналық мекемесінің директоры Айнагүл Қарабаевадан мекемеге мекемеге жұмысқа тұрған жас мамандарды қолдау («үстемақы») мәселесі бойынша шешуге көмектескені үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған. Мәслихаттың шешімі бойынша, «Денсаулық ЖМК» қызметкерлері ондай көмек ала алмайды.
Қабдрахман Сақтағанов пен Айнагүл Қарабаева тағылған айыптарды мойындап, жасаған әрекетіне шын жүректен өкініп, прокурормен процессуалдық келісім жасасты. Прокурор сот отырысында айыппұл түрінде жаза тағайындау туралы үкім шығарды.
Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына 30 еселенген пара сомасы мөлшерінде айыппұл салынды, ол үйқамақта отырғаны үшін 5 807 478 теңге төлеуі керек. Айнагүл Қарабаеваға пара бергені үшін 4 млн теңге айыппұл салынды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.