Орыс тілді хакерлер 600 мыңнан астам америкалық мемлекеттік қызметкердің электрондық мекенжайына шабуыл жасады, бұл былтыр жазда жасалған ауқымды кибершабуылдың нәтижесі болып отыр. Зардап шеккен мекемелердің арасында АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Әділет министрлігі бар.
АҚШ Кадр менеджменті басқармасының (OPM) есебінде хакерлер MOVEit файлдарын тарату құралының осал жерін пайдаланып, кибер шабуыл жасағаны туралы жаңа егжей-тегжейлі ақпарат берілген. Бұған дейін үкіметтік ұйымдар шабуыл фактісін растады, бірақ оның ауқымы немесе зардап шеккен мекемелер туралы толық ақпарат берген жоқ.
Есепке сәйкес, хакерлер мемлекеттік электрондық мекенжайларға, мемлекеттік қызметкерлердің сауалнамасы сілтемелеріне және АҚШ Кадр менеджменті басқармасының ішкі деректеріне қол жеткізді.
Әскери-әуе күштері, құрлықтағы әскерлер, әскердің инженерлік корпусы, сондай-ақ Пентагон басшысының кеңсесі, Біріккен штаб пен басқа да қорғаныс агенттіктерін қоса алғанда, Әділет министрлігі мен АҚШ қорғаныс министрлігінің түрлі ведомстволарының қызметкерлері кибершабуылға ұшырады.
Ведомство шабуылды «елеулі оқиға» деп бағалағанымен, деректердің таралу деңгейі «жалпы төмен» деп мәлімдеді.
Clop немесе Cl0p деп аталатын орыс тілді хакерлік топ шабуыл жасады деп айыпталды, олардың Ресеймен байланысы бар. АҚШ-та 2,5 мыңнан астам ұйым олардың шабуылына ұшырады.