СҚО-да жемқорлар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарына ілікті

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері пара алды деген күдіктілерді әшкереледі. ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының офицері мен шенеунік қызметкерлердің назарына ілікті. Күдіктілердің заңға қайшы әрекетінің жолы кесілді.

Ведомствоның баспасөз қызметі, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді деп хабарлайды. Лауазымды тұлға мемлекеттік объектілердің бірін күзету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенеді

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ, СҚО-да ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының офицері қол астындағы адамнан пара алды деген күдікке ілінді.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының батальон командирін әшкереледі. Ол Әскери институт басшылығы тарапынан белгілеген тыйымға қарамастан, қол астындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында ақшалай пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Петропавл ПБ УҰИ-ге қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Егжей-тегжейлі мәліметтер тергеу мүддесі үшін хабарланбайды.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Добавить комментарий