Болгарияда тыңшылық жасады деген күдіктілер тұтқындалды:

Болгария бұқаралық ақпарат құралдары Ресей Федерациясының пайдасына тыңшылық әрекеттерді жүзеге асырды деген күдікпен бір топ адамның ұсталғанын жариялады.

Хабарланғандай, олар Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік агенттігінің арнайы операциясы барысында ұсталды

«Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінген бірнеше адам Софияда тұтқындалды», — деп хабарлайды Болгар ұлттық теледидары өзінің бейресми дереккөздеріне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, күдіктілер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік агенттігінің арнайы операциясы барысында ұсталған.

Телекомпания тұтқындау фактісін әзірге Болгария прокуратурасы да, ІІМ де растаған жоқ деп нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік! Болгария соты РФ пайдасына тыңшылық жасау туралы ісі бойынша «Русофилдер» қозғалысының хатшысын ақтады.

Добавить комментарий