Жедел жәрдем көлігі облыс орталығына қарай ілеспе бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.
СҚО тас жолында «жедел жәрдем» көлігінде отырған жүкті әйел жол апатынан зардап шекті
Бейнедегі кадр
Жол-көлік оқиғасы 1 шілде күні сағат 05:20 шамасында Қызылжар ауданында Петерфельд ауылы маңында болды.
Жол апаты салдарынан жедел жәрдем жолаушысы мен жеңіл автокөліктен тағы екі адам түрлі дене жарақатын алды, олардың бірі — 58 жастағы Мамлютка тұрғыны, ол ауруханаға жатқызды.
Сонымен қатар перинаталды орталыққа апара жатқан 28 жастағы жүкті әйел шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді .
Оқиға орнында Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде полицейлер жол-көлік оқиғасының себебі мен мән-жайларын анықтайды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.