Рыбакина Цинциннатиде қарсыласын жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.

Уимблдон-2022 чемпионы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, әлемнің тоғызыншы ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусканы 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Рыбакинаның келесі қарсыласы америкалық Элисон Риске болады.

Осы турнирде Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майеймен бірге Саманту Стосур (Аустралия)/Латишу Чань (Қытай Тайбэй) кездесуде жеңді — 6:3, 7:6 (7:5).

Добавить комментарий