Руперт Мёрдок медиа корпорацияларды басқаруды ұлының қолына берді

Медиамагнат Руперт Мёрдок екі ірі медиакорпорациясын — Fox Corporation және News Corp басқаруды ұлы Лахланға берді. Айта кету керек, Мердок өз қызметінен денсаулығына байланысты емес, өз еркімен кетті.

Fox News басылымының хабарлауынша, 92 жастағы Руперт Мёрдок өзінің шешімі туралы ресми хат жолдаған. Енді ол Fox and News-тың құрметті төрағасы қызметін атқарады, ал оның ұлы Лахлан екі компанияны басқарады. Бұл тарихтағы ең ықпалды медиамагнаттардың бірінің мансабы аяқталғанын білдіреді.

Руперт Мёрдок өз мансабын 1954 жылы бастаған, сол кезде аустралиялық News Limited компаниясын өз бақылауына алды. Содан бері оның медиа-империясы кеңейді, оның ішінде News of the World, The Sun, New York Post және The Village Voice секілді танымал басылымдары бар.

1980 жылы News Corporation құрылды, бұл оның медиа-империясын дамытуда маңызды қадам болды. Мёрдок түрлі медиа-компанияларда басшылық қызметтер атқарып, медиа саласына FOX Broadcasting корпорациясы арқылы өз үлесін қосты.

Бүгінде Fox корпорациясы көптеген танымал брендтер, соның ішінде FOX News Media, FOX Sports, FOX Entertainment, FOX Television Stations және Tubi Media Group брендтері арқылы контент жариялайды.

 

Добавить комментарий