Лукашенко шекарада Азиядан келген мигранттармен кездесті

Азиялық мигранттар Польша шекарасына келген Беларусь президенті Александр Лукашенконы жылы қарсы алды.

Лукашенко Беларусь билігі Таяу Шығыстан келген мигранттарды отанына депортацияламайтынын мәлімдеді.

Беларустық авторитарлық басшы Польшамен арадағы шекараға келіп, «Брузги» шекаралық өткізу пунктінің жанындағы көлік-логистикалық орталықта орналасқан мигранттармен әңгімелесті. «Біз сіздерді ұстап, ұшаққа тиеп, отандарыңызға кері қайтармаймыз», — деп белорустық мемлекеттік БАҚ Лукашенконың сөзін келтіреді. Олардың жазуынша, мигранттар Лукашенконы «ду қол шапалақпен қарсы алды». Ол өз кезегінде Беларусь мигранттарға көмектесетінін айтты.

Добавить комментарий