Өрт қаупі мен дауылды ескерту: Алматы қаласының таулы-орманды жерлеріндегі қауіпсіздік шаралары

«Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялауына байланысты Алматы ТЖ департаменті 14-16 маусым аралығында жоғары өрт қаупі сақталатынын хабарлады. 13 маусымда жарияланған хабарламада тұрғындар мен қонақтар таулы-орманды жерлерде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екені атап көрсетілген.

Алматы ТЖ департаменті мынадай сақтық шараларын еске салады:

От жақпаңыз және тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолданыңыз.

Темекі шекпеуді, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамаңыз.

Күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды және шөптің үстіне от жақпаңыз..

Бұған дейін синоптиктер 14 маусымда Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауатынын ескерткен болатын. Бүкіл республика бойынша жел соғады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталық облыстарда шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ солтүстікте тұман күшейеді.

Добавить комментарий