«Роскосмос» Айға адам жіберуге дайындық үшін 1,7 млрд рубль болатын конкурс жариялады.
Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алудың ресми порталында орналастырылған.
Тендер қорытындысы бойынша ғарыш кемелеріне, скафандрлар мен зымырандарға және осындай миссиялар үшін қажетті өзге де техникаға қойылатын талаптарды орындау үшін қаражат бөлінуі керек.
Құжатта ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты көрсетілген: Айға ұшудың қауіпсіз іске асырылуын қамтамасыз ететін зымыран-ғарыш техникасының элементтері мен жүйелеріне қойылатын талаптарды орындау. Келісімшарт құны 1,7 миллиард рубльді құрайды.
Бұған дейін «Санкт-Петербург» телеарнасы Юлия Пересильд ғарышқа ұшып, Жер орбитасындағы «Вызов» фильміне түсетінін хабарлаған болатын.