Рим папасы РФ-ны «астық бастамасына» қайта қосылуға шақырды

Рим Папасы Францисктің аса маңызды үндеуі әлем жұртшылығының назарына ілікті. Ресей билігіне жасаған үндеуінде оларды бауырым деп атап, «астық бастамасын» қайта қосылуға шақырды.

Reuters-тің хабарлауынша, Қасиетті Петр алаңындағы «Құдай періштесі» атты апта сайынғы үндеуі кезінде Рим Папасы астықтың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ететін Қара теңіз бастамасын қалпына келтірудің маңызды екенін атап өтті. Ол Украинадағы соғыс астықты жоятынына алаңдаушылық білдіріп, оны «Құдайға қарсы жасалған ауыр қылмыс» деп атады.

Папа Франциск өз үндеуінде адамдарды Украина үшін және аштықтан қиналып жатқан барлық адамдар үшін дұға жасауды сұрады. Ол «көмекке мұқтаж миллиондаған бауыр-қарындастарымыз жер жастанып жатқанын» атап өтті. Оның дұға жасауға және көмек көрсетуге шақыруы өңірдегі гуманитарлық жағдайға алаңдаушылығының көрсетеді.

Добавить комментарий