Риддер ЖЭО-ның несие бойынша берешегі 3,3 млрд теңгені құрайды, деп мәлімдеді өңір басшысы брифингте.
Ол компания өз қызметкерлеріне жалақы бермегенін және тұтынылған электр энергиясы, су мен мазут үшін де ешнірсе төлемегенін атап өтті. Осыған байланысты әкімдік компанияны толық басқаруды өз қолына алып, 2,7 миллиард теңге сомасына сотқа талап-арыз берді.
Әкім компания иесі тарапынан тиімді шаралар қабылданатынына сенім білдірді, бірақ олай болмаған жағдайда заң бойынша барлық шаралар қабылданады деп қорқытты. Бұған дейін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиясыздандыру мәселесін қарауды сұраған болатын.