Жапония Украинаға маңызды инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру үшін $400 млн бөледі.
Украина мен Жапония үкіметтері маңызды инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру үшін $400 млн бөлу туралы гранттық келісімге қол қойды.
Аталған қаражат қалпына келтіру үшін қажетті жабдықтар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалады. Қалпына келтіру жөніндегі вице-премьер-министр Александр Кубраков пен Жапонияның Украинадағы елшісі Мацуда Кунинори бейсенбі күні тиісті құжаттарға қол қойды.
Келісім Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігімен гранттық келісімге қол қойылғаннан кейін аяқталады.