РФ сыртқы барлау қызметінің басшысы АҚШ-тың Ауғанстаннан шығуына қатысты пікір білдірді

Ресей Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин Ауғанстаннан АҚШ әскерилерінің шығарылуы ұзақ уақыт өтпей елдегі ішкі қақтығыстың ушығуына алып келеді деп санайды.

Бұл туралы кеше, 2021 жылғы 3 маусымда РФ Витебск қаласында өткен Ресей СБҚ мен Беларусь МҚҚ-мен бірлескен алқа отырысының қорытындысы бойынша айтты.

«Қазір Ауғанстанда не болып жатқанын қараңыз. Бұл елдегі жағдай, өкінішке қарай, шиеленісіп барады. Бұл ішкі қақтығыстың ушығуына алып келеді, біз бұл қақтығыс жақын арада өршіп кетеді деп болжап отырмыз», — деп атап өтті Нарышкин.

СБҚ басшысы Ауғанстандағы қақтығыс ушығып, «20 жыл бұрынғы “Батыл қолдау” деп аталған АҚШ-тың сәтсіз аяқталған операциясы сияқты қашып тынатынын» атап өтті.

Добавить комментарий