РФ Президенті өкілетті өкілінің көмекшісі мемлекеттік опасыздық үшін соттады

Мәскеуде РФ президентінің Орал федералдық округіндегі өкілетті өкілінің көмекшісі Александр Воробьевке үкім шығарылды.

Ол РФ ҚК-нің 275-бабында көзделген қылмысты (мемлекеттік опасыздық) жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мәскеу қалалық сотының үкімімен 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейд.

Бұрынғы шенеунік үшінші деңгейдегі мемлекеттік кеңесші сыныптық шенінен де айырылды.

Бұл жаза бастапқыда прокурордың сұрағанынан аз болып шықты (13 жыл).

Қазіргі уақытта Воробьевтің үкімі әлі күшіне енген жоқ, оған шағым түсіре алады.

Воробьев 2006-2008 жылдары Гусев қаласының әкімшілігінде қызмет еткен, кейін заңгер болды, ал 2010-2017 жылдар аралығында Калининград облысының үкіметінде басшылық қызметтер атқарған.

2018 жылы Воробьев президент өкілетті өкілі Николай Цукановтың аппаратын басқарды. Артынан оның көмекшісі болды.

Добавить комментарий