АҚШ- та Ресей Федерациясының төрт азаматы киберқылмыс жасады деп айыпталды.
Бұл туралы дүйсенбі күні Массачусетс штаты прокурорының міндетін атқарушы Натаниэль Мендель телефон арқылы өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Бүгін Бостонда биржалық сауда саласындағы жаһандық хакерлік алаяқтыққа байланысты тағы төрт Ресей азаматына қатысты айып тағылды», — деді ол Швейцарияның ресейлік Владислав Клюшинді Құрама Штаттарға экстрадициялау туралы шешіміне қатысты түсініктеме бере отырып.
Мендельдің айтуынша, ресейліктердің бірі бұған дейін 2016 жылы АҚШ-тағы сайлауға ықпал ету үшін киберқылмыс жасады деп айыпталған, екіншісі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің ресурстарын бұзып кірмек болған.