РФ-ның Тәжікстандағы елшісі аймаққа қауіп төндіріп отырған террористер туралы айтты

Ресейдің Тәжікстандағы елшісінің ашық ақпарат көздерінде жариялаған хабарламасынан белгілі болғандай, Тәжікстанның оңтүстігіндегі өңірлерде жағдай тұрақсыз.

Ауғанстанның солтүстік аудандарында мұздай қаруланған шамамен 6 мың содыр жүр. Әңгіме «Ансарулла жамағаты», «Ислам мемлекеті» немесе Өзбекстан Ислам қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған ұйымдар) секілді террористік ұйымдардың мүшелері туралы болып отыр. Бұл туралы РФ-ның Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фролов айтты.

Шекарада исламшыл содырлардың шоғырланғаны байқалды

«Менің ойымша, Тәжікстан үшін ең үлкен қауіп Орталық Азия елдерінен келген жатқан лаңкестік топтардан төніп тұр. Олар радикалды идеологиясын бүкіл өңірге жаю бойынша жоспарын жасырмауда», — деп атап өтті дипломат.

Оның айтуынша, Тәжікстан билігі экстремистерге ешқандай мүмкіндік бермей, ел тұрғындары арасында түрлі деструктивті идеологияларды насихаттаумен тиімді күресуде. Көршілес Ауғанстаннан жеткізілетін есірткі трафигіне қарсы күрес туралы да осылай айтуға болады, деді ол. Ресей республиканы ғана емес, бүкіл өңірді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Мәскеу мен Душанбені кооперация басқа салаларда да біріктіреді. Бұл гуманитарлық және экономикалық салалардағы ынтымақтастыққа да қатысты.

РФ бірнеше жыл ішінде республикадағы ауыл мектептерінің бірінші-төртінші сынып оқушыларын тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп асханаларын жөндеп, жылыжайлар салу үшін $82 млн астам қаржы салды.

2021 жылы қос ел арасындағы арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткіштерге жетті — $1,3 млрд асады. Тікелей инвестициялар көлемі $1,7 млрд құрады.

Добавить комментарий