
Болгария премьер-министрі үкіметтің отставкаға кетуіне Ресей елшісі мен болгариялық үш саясаткердің қатысы бар деп мәлімдеді.
Болгария премьер-министрі Кирил Петков парламенттің үкіметке сенімсіздік вотумын жариялағанына елдегі Ресейдің елшісі Элеонор Митрофановқа кінәлі деп отыр.
Петковтың айтуынша, болған оқиғаға РФ-ның Болгариядағы елшісінен басқа бизнесмен және бұрынғы депутат Делян Пеевски, сенімсіздік вотумын жариялауды ұсынған ГЕРБ партиясының жетекшісі Бойко Борисов және үкіметтік коалициядан шыққан партияның басшысы Слави Трифонов кінәлі.
«Пеевски, Борисов, Трифонов және Митрофановты отставка жіберген үкіметті басқару мен үшін құрмет болды», — деп Novinite басылымы Петковтың сөзін келтіреді.
Петков сондай-ақ билікте басында болғанында елдің мүддесін қорғауға ұмтылғанын, ал оппозициялық «Возрождение» партиясының әрекетіне байланысты елде «Ресейдіі мүддесі қорғалғанын» мәлімдеді, деп атап өтті BNR радиостанциясы.
РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Петковтың таққан айыбына жауап берді. Ол «кінәлілердің» тізімі толық емес екенін айтып, әзілдеп тізімде Бэтмен мен Мысық әйелдің жоқ деп жауап берді. Захарованың айтуынша, «адам шаршап, сөзден шатаса бастаған».
Ел парламенті Премьер-министр Кирилл Петков басқаратын Болгарияның коалициялық үкіметіне сенімсіздік вотумын жариялағаны жақында белгілі болды. Депутаттардың пікірінше, Петков инфляцияның өсуін еңсере алмай, Болгариядағы жемқорлықты жеңу туралы уәдесін орындамаған. Сонымен қатар, ол билік басына келе салысымен Ресейге қатысты қатаң натошыл саясат жүргізді. Петков ЕО салған санкцияларды толық қолдап, ресейлік мұнай үшін рубльмен төлеуден бас тартты. Осыған байланысты Болгарияға Ресей газы жеткізілмеді.