РФ дипломаттарын елден шығаруда: Чехия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қақтығыс

17 сәуірде Прага Ресейді 2014 жылы Моравияның оңтүстік-батысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыстарға қатысы бар деп айыптағаннан кейін Чехия мен Ресей Федерациясы арасындағы ауқымды саяси-дипломатиялық қақтығыс басталды. Кремль өз кезегінде Прага таққан айыптарды ақылға сыйымсыз және мүлдем негізсіз деп атады.

Қақтығыстың салдарынан Ресейдің Чехиямен ғана емес, басқа да бірқатар елдермен арадағы қарым-қатынасқа ушығып кетті. Батыс белсенді түрде Ресей үкіметін сынға алып келеді. Чехия өз серіктестерінен ынтымақтастықтың белгісі ретінде өз елінің аумағынан ресейлік дипломаттарды шығарып жіберуге шақырды. Словакияда бұған қосылып, ресейлік үш дипломатты елден шығарды.

Чехия мен Ресей арасындағы саяси жанжал қарқын алып келеді. Чехия Прагадағы елшіліктен 18 ресейлік дипломатты еліне қайтарып, мамыр айының соңына дейін тағы 70 дипломатты шығаратынын айтын. Сондай-ақ, Балтық елдері — Литва, Латвия және Эстония да ресейлік дипломаттарды ел аумағынана шығаратыны белгілі болды. Үш ел де Чехияның ресейлік өкілдерді шығарып жіберу туралы шешіміне қолдау білдірді. Артынан Ресей Балтық елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдерін СІМ-ге шақырды.

Cropped image of business partners carrying briefcases on the foreground while their colleague standing on the background

Эстония мен Латвия РФ елшілігінің бір қызметкерін, ал Литва бірден РФ-ның екі өкілін шығаратынын мәлімдеді.

ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі өкілі Петер Стано дипломаттарды шығары әр елдің жеке шешімі болып табылады деп мәлімдеді. Еуроодақ бұл іс-әрекеттерге араласпайды, ешқандай шара қолдануға шақырмайды, одақтас елдердің Чехияға қолдау көрсету әдістеріне еркіндік береді.

Егер Солсберидегі оқиғаны еске алатын болсақ, сол кезде ЕО-ның 28 елі РФ елшілерін ел аумағынан шығарып жіберген болатын. Шығарып жіберу туралы шешім үйлесімді болған жоқ, бірақ ресейлік дипломаттарды ұжымдық түрде шығарып жіберу оның бір бөлігі болып табылатын үйлестірілген реакция болды.

Добавить комментарий