Тоқаев пен Рахмон телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың баспасөз қызметі бүгін, 2021 жылғы 5 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы келіссөздер өткізгенін хабарлады.

Әңгімелесу барысында Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуі байланысты Орталық Азия өңіріндегі ахуал туралы жан-жақты пікір алмасты. Қазақстан Президенті Тәжікстанмен арадағы достық қатынастардың мызғымастығын нақтылады.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19-20 мамырда Душанбеге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындайды және бауырлас тәжік халқына берілетін көмекті жалғастыра береді.

Мемлекет басшылары аймақтағы ахуал жайында өзара ақпарат алмасу және іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.

Добавить комментарий