РФ-да вице-мэрге Мемлекеттік дума депутатына жала жапқаны үшін айыппұл салынды

Новосибирск қаласының вице-мэрі Артем Скатов Мемлекеттік думаның депутаты Дмитрий Савельевке жала жапқаны үшін айыппұл салынғаны белгілі болды.

Айыппұл мөлшері 30 мың рубльді құрайды. Бұл туралы «ВК»-да Новосибирск облысының жалпы юрисдикциялық соттар тобы хабарлады.

Қала әкімінің орынбасары толық ақталу үшін барын салатынын мәлімдеді. Ол тергеу барысында да, сотта да өз кінәсін мойындамады.

2022 жылдың ақпан айында Скатов Telegram-арналардың бірінің авторы Алексей Голомазовқа Мемлекеттік Думаның депутаты туралы жағымсыз ақпарат жіберген. Атап айтқанда, онда Савельевтің құрылыс фирмаларының бірімен байланысы және қалалық кеңес депутаттарына қысым жасалғаны туралы деректер болған. Савельев бұны жала жабу деп атап, құқық қорғау органдарына арызданды.

Сот процесі кезінде Скатов Telegram-каналдың авторына журналистердің материалдарының сілтемесін жібергенін мәлімдеді. Оның пікірінше, Telegram-каналдың авторы жауапкершіліктен құтылу үшін оны ескерткен.

 

Добавить комментарий