РФ-да танымен блогердің қамауда ұстау мерзімі ұзартылуы мүмкін

Сот органдары «Марафондар ханшайымы» деген атпен танымал ресейлік блогер Елена Блиновскаяға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш берді. Мәскеудің Пересненск аудандық сотынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, тергеушілер блогерді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартуды талап етті. Бұл туралы «Вечерняя Москва» басылымы хабарлайды.

Тергеушілердің өтініші қанағаттандырылған жағдайда Елена Блиновская 26 шілдеге дейін темір тордың ар жағында қалады. Сот отырысы сәрсенбі, 21 маусым, Мәскеу уақыты бойынша түсте өтеді.

Танымал марафон жүргізушісі Елена Блиновская мен оның күйеуі жалпы сомасы 918 миллион рубль (бес миллиард теңгеден астам) салық төлеуден жалтарып кетті деп айыпталды.

27 сәуірде танымал ресейлік блогер Елена Блиновская Ресей аумағынан кетпек болған кезде ұсталды. Ол жалға алынған көлікпен шекарадан кесіп өтпек болған. Тінту кезінде басқа мемлекетке ұшу үшін әуе билеттері болды.

Добавить комментарий