РФ-да «Саңыраулар қоғамының» президенті тұтқындалды

Мәскеудің Мещанский соты «Бүкілресейлік саңыраулар қоғамының» (БСҚ) президенті Станислав Ивановты аса ірі көлемде қаражатты талан-таражға салды деген айып бойынша қамауға алу туралы шешім қабылдады. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу өтініші бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, 2024 жылғы 8 сәуіріг дейін қамауда болады.

Тергеушілердің пікірінше, Иванов бір топ адаммен бірге қаражатты талан-таражға салған. Олар ұйымға елеулі залал келтіре отырып, ұйымның жылжымайтын мүлкін төмен баға бойынша иеліктен шығаруды жүзеге асырды. БСҚ-тың басқа да жоғары лауазымды мүшелеріне қатысты осындай бұлтартпау шарасы таңдалды.

Оның ұсталғаны туралы ақпарат жақында белгілі болды, «Коммерсант» газетінің мәліметі бойынша, іс аясында жалпы шығын 211 миллион рубльге бағаланады.

Бұл БСҚ-та қаражатты талан-таражға салуға байланысты алғашқы жағдай емес. 2023 жылы ұйымның бұрынғы президенті Валерий Рухледев осыған ұқсас айып бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылған еді, ол жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

Ұйымның сайтында көрсетілгендей, БСҚ ең көп есту қабілеті нашар мүгедектер тіркелген ұйым және бұрыннан келе жатқан қоғамдық ұйым.

Добавить комментарий