Мемлекеттік айыптау мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып отырған Иван Сафроновқа 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.
Хабарланғандай, сот отырысы барысында Бас прокуратура өкілі Борис Локтионов «Роскосмос» басшысының кеңесшісі және бұрынғы журналист Иван Сафроновқа 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Мемлекеттік айыптау өкілі Сафроновты мемлекетке опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті», — деді осы іс бойынша тыңдау өтіп жатқан Мәскеу қалалық сотындағы агенттік журналистерге.
Бұған дейін Мәскеу қалалық соты Сафронов айыпталып отырған мемлекеттік опасыздық жасау туралы іс бойынша Чехия азаматы Мартин Ларишаны жауап алуға шақырудан бас тартқаны хабарланған болатын. Адвокаттың айтуынша, айыптау тарапы Сафронов Ларишаға мемлекеттік құпияны қамтитын мәліметтерді беріп отырған деп есептейді.
ФҚҚ болжамы бойынша, Сафронов 2015-2019 жылдары аралығында Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) және Таяу Шығыс, Африка және Балқан түбегі елдерімен әскери-техникалық ынтымақтастығына қатысты құпия ақпарат жинаумен айналысқан. Ол 2020 жылғы 7 шілдеде ұсталды. Журналист тергеумен ынтымақтасудан барудан бас тартып, өзінің кінәсін үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.