РФ-да 70 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді

Еуразиялық экономикалық комиссияның еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Өмірбекова шетелде қанша қазақстандықтың жұмыс істейтін айтты.

«Қазақстан азаматтарына тікелей келетін болсақ, бүгінде Ресей Федерациясында 70 мыңға жуық Қазақстан азаматы тіркелді, ал Армения Республикасында олардың саны 59 адам, Беларусь Республикасында — 189 адам, Қырғызстан Республикасы бойынша мұндай деректер жоқ», — деді Өмірбекова Мәскеу — Бішкек — Минск — Ереван — Нұр-Сұлтан бейнемосты барысында ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттарына қатысты жағдай туралы.

Сонымен қатар, ол еңбек мигранттарының ағыны 2021 жылы пандемияға қарағанда екі есе жоғары екенін атап өтті.

«Жалпы алғанда, еңбек көші-қонын белсенді процесс ретінде сипаттауға болады. 2020 жылы шектеу шаралары болғанына қарамастан, бүгінде еңбек көші-қоны ағыны өсті және 2020 жылы көрген саннан үш есе асып түсті деп айтуға болады. Тіпті 2019-шы жылмен салыстырғанда ол екі есе жоғары», — деді ол.

Добавить комментарий